Ахыретке сену
Уәл яумил ахири: Ахырет күнiне сендiм деген мағынаны бередi. Бұл уақыт, адам өлген күнi басталады. Қияметтiң соңына дейiн жалғасады. Соңғы күн деп аталуының себебi ол күннен кейiн түннiң болмауында. Қияметтiң қашан болатыны белгiсiз. Бiрақ Пайғамбарымыз көптеген белгiлерiн айтып кеткен: Хазiретi Мәһдидiң келуi. Иса алейһиссаламның көктен Шам (Дамаск) аймағына түсуi.
Сұрақ: Айт құрбандығын айтта шала алмаған адам айттан кейін шалса жаиз болады ма?
Жауап: Айт құрбандығын үшінші күннің кешіне (ақшамына) дейін шала алмаған адам құрбандықты (малды) сатып алып қойған болса, тірі күйінде өзін немесе құнын (бағасын, алтын күйінде) кедейлерге береді. Айттан кейін шалатын болса, етін өзі жей алмайды. Толықтай кедейлерге таратады. Бүкіл етінің құны тірі кезіндегі құнынан аз болса, арасындағы айырмашылықты да садақа ретінде береді. Сатып алмаған болса, орта шамада бір құрбандық құнын алтын күйінде кедейлерге береді. Осылайша жазадан құтылады, дегенмен құрбандық шалу сауабын ала алмайды. (Рәддул мухтар)
Сұрақ: Адам өзінің мұсылман екенін біле алады ма? Иманның белгісі қандай?
Жауап: Иман – «Әмәнту...»-де білдірілген алты шартқа сену деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген:
«Иман – Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, ахирет күніне (яғни қияметке, жәннатқа, тозаққа, сұраққа, мизанға), тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екеніне, өлімге, өлгеннен кейінгі тірілуге сену деген сөз. Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және мен Оның құлы және расулы екеніме куәлік ету деген сөз.» (Бұхари, Мүслим, Нәсаи) (Бұларды жүрекпен растау да шарт болып табылады.)
Сұрақ: Ауру адам намаздарын қалай оқиды?
Жауап: Аурулар әртүрлі болады. Түрегеп тұра алмайтын науқас отырып оқиды. Отыра алмайтын адам жатып ишарамен оқиды.
Хадис шәрифте: «Науқас намазын түрегеп тұрып оқи алмаса, отырып оқиды. Бұған да шамасы жетпесе, шалқайып жатып ишарамен оқиды» делінген. Али Имран сүресінің, «Олар түрегеп тұрғанда, отырғанда, жамбастап жатқанда да Аллаһты зікір етеді» деген мағынадағы 191-ші аятындағы "зікір" сөзі намаз дегенді білдіреді. «Намазды, күші жететін адам түрегеп оқиды, аяқта тік тұра алмайтын адам отырып оқиды, бұны да істей алмайтын адам жатып ишарамен оқиды» деген сөз. (Бахрур раиқ)
Сұрақ: Жетімге жақсылық жасаудың немесе оны ұрудың немесе ақысын жеудің діндегі орны қандай? Жетімдік қанша жасында бітеді?
Жауап: Өсіп, есейген бала жетімдіктен шыққан болып саналады. Жетімге жақсылық жасау өте үлкен сауап.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
1. Намазда сәжде ететін жерге қарау.
2. Рукуде аяқ ұштарына қарау.
3. Сәждеде мұрнын қойған жерге қарау.
4. Әттахиятта отырғанда тiзелерiнiң үстiне қарау.
Сұрақ: Қандай жағдайда екі намазды біріктіруге болады?
Жауап: Кейде екі намазды біріктіріп бір уақытта оқу қажеттілігі туындауы мүмкін. Дәрігердің операцияда болуы, акушер әйелдің босандыру процессінде болуы, тұншығып жатқан адамды құтқару, емтиханда болу немесе ауырып қалу сияқты бір себеппен намаз оқуға мүмкіндік болмаған жағдайда екі намазды жәм ету, яғни екі намазды қосып бір уақытта оқу кейбір мазһабтарда жаиз. Екінді намазын бесін намазының уақытында, бесін намазымен бірге немесе құптанды ақшам уақытында, ақшаммен бірге оқу тақдим ету арқылы жәм ету деп аталады. Бесін намазын екінді намазының уақытында екіндімен қосып немесе ақшамды құптан намазының уақытында құптан намазымен қосып оқу тәхир ету арқылы жәм ету деп аталады. Таң намазы жәм етілмейді.
Сұрақ: Мен намаз оқитын, ораза ұстайтын және харамдардан сақтануға тырысатын әйелмін. Бірақ оранбағанмын. Екі топ адамдар маған тиіседі. Бір бөлігі былай дейді: Басың ашық болғандықтан ешбір ғибадатың өтпейді, босқа әуре болма, бекерге ғибадат жасама. Ислам діні бір бүтін, оны толығымен ұстану керек.
Бір бөлігіне де ғайбат айтпаңдар, арақ-шарап ішпеңдер, өтірік айтпаңдар деген сияқты сөздер айтқан кезімде, сен де басыңды ашып жүрсің ғой, дейді. Бұлардың мені осылай сынағандары дұрыс па?
Жауап: Әрине дұрыс емес. Өкінішке орай күнімізде «Не толық істе, не мүлдем істеме» дегендей көзқарас бар. Мәселен «Намаз оқымасаң ораза тұтпа», «Намаз оқымасаң күнә істей бер» дегендей пікірлер белең алған. Дінімізде иман «Не бар болады, не жоқ болады». Яғни иманның азы, көбі болмайды. Иман не бар болады, не жоқ болады.
Сұрақ: Мен дүниеге перзент әкелмеген әйелмін. Бала асырап алғым келеді. Қалай істесем болады?
Жауап: Асырап алынған бала өскен кезде ұл бала болса сізге, қыз бала болса күйеуіңізге бөтен болады. Ал бөтен адаммен бірге қалу жаиз емес. Осы тұрғыдан бала асырап алатын кезде бауырларыңыздан бірінің баласын немесе күйеуіңіздің бауырларынан бірінің қызын алатын болсаңыз, ешқандай мәселе қалмайды.
Немесе асырап алынған ұл сәби әпке-сіңіллеріңіздің бірін немесе бауырларыңыздан бірінің әйелін еметін болса, сіздің жиеніңіз болатындықтан, сізге бөтен болмайды.
Мұхаммед алейһиссалам - Аллаһу та’аланың сүйікті құлы, жаратылған барлық адамдар мен басқа жаратылыстардың барлық тұрғыдан ең үстемі, ең көркемі және ең қадірлісі. Аллаһу та’ала мадақтаған, бүкіл адамзат баласы мен жындарға пайғамбар ретінде таңдап жіберген соңғы және ең үстем пайғамбары болып табылады. Ол әлемдерге рақымдылық ретінде жіберілген, барлық нәрсе соның құрметіне жаратылған. «Қайта-қайта мадақталған», «өте көп мақталған» деген мағынаны беретін Мұхаммед алейһиссаламның Ахмед, Махмуд, Мұстафа сияқты есімдері де бар. Әкесінің аты Абдуллаһ. Өзі хижреттен 53 жыл бұрын рабиул-әууәл айының 12-жұлдызында дүйсенбі күні түнде, таңға жақын Мекке-и Мукаррамада дүниеге келді. Тарихшылар бұл күннің милади жыл санағы бойынша 571 жылдың сәуір айының 20-сына дәл келетінін айтады.